25.06.2014, 22:14 2879

Елорда күніне орай мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетіледі

Елорда күніне орай мұқтаж жандарға 3000 теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем түрінде материалдық көмек көрсетіледі, деп astana.kz сайты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы. 25 маусым. Kazakhstan today. Елорда күніне орай мұқтаж жандарға 3000 теңге көлемінде бір реттік ақшалай төлем түрінде материалдық көмек көрсетіледі, деп astana.kz сайты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Ақшалай көмек ай сайын мемлекеттік жәрдемақы алатын тұрмысы төмен отбасыларға және Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің тұрақты қызмет ететін комиссияларының мүшелеріне беріледі.

Айта кетейік, қалалық ведомстволар, қоғамдық ұйымдар мен қорлар мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына материалдық көмек және қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Атап айтқанда, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды жазда және қыста киім-кешекпен, азық-түліктермен және ақшалай төлемдермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зейнеткерлерге жасына қарай қалалық қоғамдық көліктердің барлық түріне жол жүру билеттері, сондай-ақ, тегін тіс протездеу қызметтері ұсынылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны