21.06.2017, 16:10 2836

Елордада Ақмола облысыныӊ мәдениет күндері ресми ашылды

Бүгiн Астана қаласы әкiмдiгiнiӊ алдындағы алаӊда Ақмола облысы мәдениет күндерiнiӊ ресми ашылу салтанаты өттi. Салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин өӊiрдiӊ мәдени күндерi елордада 20 маусымнан бастап 25 маусымға дейiн өтетiндiгiн, оған ақмолалық бiр жарым мыӊнан астам өнерпаз қатысатындығын атап өттi.

Көкшетау. 21 маусым. Kazakhstan Today - Бүгiн Астана қаласы әкiмдiгiнiӊ алдындағы алаӊда Ақмола облысы мәдениет күндерiнiӊ ресми ашылу салтанаты өттi. Салтанатты шараға қатысқан Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин өӊiрдiӊ мәдени күндерi елордада 20 маусымнан бастап 25 маусымға дейiн өтетiндiгiн, оған ақмолалық бiр жарым мыӊнан астам өнерпаз қатысатындығын атап өттi.

"Бұған қоса, Ақмола облысы әсем табиғатымен, бай тарихымен, мәдени мұрасыныӊ молдығымен де ерекшеленедi. "Арқаныӊ кербез сұлуы" атанған, жер жәннаты - Көкшетау қазаққа Ақан серi, Бiржан сал, Балуан шолақ сынды қайталанбас тұлғаларды, сал-серiлердi сыйлаған қасиеттi мекен. Бауырында ақ қайыӊы тербелiп, баурайында 80 көлi шалқыған Көкшетауда дәстүрлi мәдениеттiӊ қаймағын бұзбай, аманатқа адалдық танытып, ұлттыӊ мол рухани-қазынасын дәрiптеп жүрген ұл-қыздар бар", - деп атап өттi облыс басшысы.

5 күнге орайластырылған мәдени шара "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiне арналған. Мәдениет күндерiнiӊ аясында Ақмола облысы филармониясыныӊ кәсiби ұжымдарыныӊ, облыстыӊ еӊ үздiк шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарыныӊ гала-концерттерiн, кескiндеме суреттерiнiӊ, халық шығармашылық сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерi жұмыстарыныӊ көрме-сатылымдарын, қазақ халқыныӊ ұлттық дәстүрлерiн көрсететiн этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшiлiк iс-шаралар мен ұлттық спорт ойындарын тамашалауға мүмкiндiк бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны