18.06.2014, 21:27 2893

Елордада қала күні қарсаңында жаңа саябақтар пайда болды - Б.Мажағұлов

Биыл қала күні қарсаңында Астанада жаңа саябақтар пайда болды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана қалалық Мәдениет басқармасы жетекшісі Болат Мажағұлов.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Биыл қала күні қарсаңында Астанада жаңа саябақтар пайда болды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана қалалық Мәдениет басқармасы жетекшісі Болат Мажағұлов.

"Биыл өткен жылдың қорытындысы бойынша біз қала тұрғындары мен қонақтары арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сол себепті біз биыл көше шараларына басымдылық берудеміз. Биылғы жылы қалада жаңа саябақтар салынды. Ир парк өзінше ерекшеліктерге ие", - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Астанада әлемдік опера жұлдызы Анна Нетребко, La Scala театры, эстрада жұлдызы Akon, Blue тобы, Полина Гагарина, Лариса Долина және өзге де өнер жұлдыздары келмек. Алайда отандық жұлдыздарға ерекше басымдылық берілмек.

"Жыл сайын біз мерекеге бөлінетін қаражат шығынын оңтайландыру жағын есекереміз. Біз қала күні мерекесінде тепе-теңідкті сақтау үшін коммерциялық бағыттағы, мереке шығынын ақтау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардан бөлек халық үшін тегін де шаралар өткіземіз. Мысалға, "А'студио" тобына концерттік зал мен жарнама беріп отырмыз", - дейді басқарма жетекшісі.

Сонымен қатар, оның пікірінше, биыл мерекеге шамамен 700 млн теңге бөлінген. Шараға жалпы саны 20 мың адам қатыспақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны