29.04.2009, 17:13 3384

Елордада "КМГ-Астана" ЖШС-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Елордада "КМГ-Астана" ЖШС-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елордада "КМГ-Астана" ЖШС-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елордада "КМГ-Астана" ЖШС-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде, ол тиісті лицензиясыз жанар-жағар май материалдарын заңсыз сақтаған және сатқан, сол арқылы 1 млрд. 700 млн. теңге заңсыз табыс тапқан",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, М.Жұманбайдың хабарлауынша, осында "Астана Бахыт" ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Олар мемлекеттік лицензиясыз сату мақсатында құны 7 млн. 700 мың теңге жанар-жағар май материалдарын сақтаған.

Ал, Маңғыстау облысында "ИлемТрансОйл" ЖШС-нің атынан белгісіз тұлғалардың контрабандалық жолмен құны 100 млн. теңгеден асатын 57 вагон мұнайды алып өту фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Декларация бойынша шикі мұнай "мұнайдың сұйық битумдары компоненті" деп рәсімделіп, Ақтау теңіз сауда порты арқылы шығарылған.

Қарағанды облысында "Жихан Ойл" ЖШС-нің директоры сотқа берілді. Ол мұнай өнімдерін сақтау объектілерін заңсыз пайдаланған. Осылайша 73 млн. 300 мың теңге пайда тапқан.

Ресми өкілдің мәліметінше, бұған қоса Ақтөбе облысында "WEST GAZ" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ол 2008-2009 жылдары тиісті рұқсатсыз сұйытылған газ сату арқылы 2 млн. 200 мың теңге заңсыз табыс тапқан.

Жалпы, осы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдарымен заңсыз айналымнан құны 13 млн. 800 мың теңге мұнай өнімдері алынды, оның 8 млн. 600 мың теңгесі тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны