03.07.2020, 22:16 4448

Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарының бітіру және алғашқы офицерлік шен тапсыру рәсімі өтті

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолынан Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 10 түлегі лейтенант шенін алды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan Today - Елордада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарының бітіру және алғашқы офицерлік шен тапсыру рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолынан Құрлық әскерлері әскери институтының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 10 түлегі лейтенант шенін алды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы жас офицерлерге әскердің төтенше жағдай және карантин режимін қолдауға қатысқанын еске салып, мыңдаған әскери қызметшілердің күшімен ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды іс-шаралар өткізілгені туралы айтты.

"Сіздер және басқа да лейтенанттарды оқудың сәтті аяқталуымен және әскери мамандықты игеруімен құттықтаймы.

Осы күрделі кезеңде ел мен әлем үшін Қарулы Күштер пандемиямен күреске белсенді қатысуда. Арнайы бөлімшелердің күшімен мың шақырым жолды, елді мекендердің тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдай кезінде әскери қызметшілер патрульдеу және тосқауыл бекеттерінде қызмет атқарды. Олардың арасында қойылған міндеттерді абыроймен орындаған курсанттар да болды. Әскери дәрігерлер адамдарды коронавирустан емдеуге күш салып жатыр. Әскери-көлік авиациясы жүздеген отандастарды эвакуациялап, гуманитарлық көмекті жеткізу жалғасуда.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер Түркістан облысы Мақтарал ауданының су басқан ауылдарындағы авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты.

Осының барлығы Қарулы Күштердің негізгі міндеттеріне кірмейді, әйтсе де, еліміздің игілігі үшін біз әскерлерді дайындауп азаматтарымыздың қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ететін боламыз", - деді ол.

Министр жас офицерлерге одан әрі қызметте табыс пенденсаулық тіледі.

Жас офицерлердің әрбірі үшін бұл ерекше күн. Олар әскери ғылым мен білімді терең меңгеріп, өздерінің әскери мамандықтарының жаңа дағдыларын оқыды. Енді мұның бәрін іс жүзінде жүзеге асыру міндеті тұр.

Айта кетейік, 2020 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институты 390 лейтенант, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 141 лейтенант, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты - 15 әскери медицина офицерін, ал қазан айында ЖОО - да ұшу және инженерлік мамандықтардың 113 курсанты оқуын аяқтайды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура офицерлерінің 22-ші шығарылымы өтті

Биылғы жылы 141 магистрант, оның ішінде Тәжікстан Қарулы Күштерінің алты өкілі және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлау шеңберінде оқудан өткен Қырғызстанның екі офицері өздерінің магистрлік жұмыстарын сәтті қорғады.

Магистранттар оқытушыларға, әдіскерлерге, ғылыми жетекшілерге көрсеткен шыдамдылықтары, оқу үдерісінде тілектестік қарым-қатынасы және жеке көзқарасы үшін алғыстарын білдірді. Олар университетте алған және жетілдірген білім мен біліктерін армияның қорғаныс қабілетін және әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталатынына сендірді.

Елорда күні қарсаңында Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы монументі салтанатты түрде ашылды.

Сол күні Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының 14-ші шығарылымы өтті. 141 курсант ЖОО-да сегіз мамандық бойынша оқуын аяқтап, тоғыз курсант үздік диплом иегері атанды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны