15.10.2016, 11:01 3673

Елордада Оӊтүстік Қазақстан облысы күндері "Шырайлы оӊтүстіктіӊ шежіресі" атты көрмесімен бастау алды

Оӊтүстік Қазақстан облысы күндерініӊ алғашқы шарасы "Шырайлы Оӊтүстіктіӊ шежіресі" облыстық бейнелеу өнері музейі көрмесініӊ салтанатты ашылуымен басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Ұлттық музейінде "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" Оӊтүстік Қазақстан облысы күндерініӊ алғашқы шарасы "Шырайлы Оӊтүстіктіӊ шежіресі" облыстық бейнелеу өнері музейі көрмесініӊ салтанатты ашылуымен басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мерейтойлық шараныныӊ тұсауын кескен облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков көрмеге келушілерге алғысын білдіріп, Тәуелсіздік тойымен құттықтады.

Жылжымалы көрмеге келушілер бұл күні тарихи кезеӊдер суреттелген 120 картиналар мен графика және гобелендерді тамашалады. Өнер туындыларында, негізінен, хандық дәуірден бастау алып, қазақ елініӊ маӊызды оқиғаларын баяндайтын, Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы, бейбіт өмір, өндірістік даму, әлеуметтік тұрмыстыӊ көтерілуі, ауыл шаруашылығы еӊбеккерлері бейнеленген.

Сонымен қатар, шара аясында ҚР еӊбек сіӊірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызыныӊ "Жүздесейік..." шығармашылық кеші өтті. "Алаш" сыйлығыныӊ, "Парасат" орденініӊ иегері Х.Есенқарақызы ел Егемендігініӊ ширек ғасырлық тойына орай ұйымдастырылған есеп беру кешінде сиясы кеппеген жаӊа туындыларымен Астана жұртшылығын таныстырып, оқырмандармен сырласты.

Бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өӊірдіӊ тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердіӊ өнімін ұсынады. Және 300-ге жуық облыстыӊ өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасы қойылып көрсетіледі. Сондай-ақ, "Қазақстанда жасалған" акциясыныӊ шеӊберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердіӊ көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылып, онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны