16.07.2014, 22:14 1439

Елордада пилоттық жоба аясында 100-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады

Астанада ағымдағы жылдың маусым айының ортасынан бастап "Қала тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі" қанатқақты жобасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама аясында қалада 100-ден астам камера орнатылды, - деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Астанада ағымдағы жылдың маусым айының ортасынан бастап "Қала тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі" қанатқақты жобасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама аясында қалада 100-ден астам камера орнатылды, - деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл құрылғылар көшеде орын алған бұзақылықты тіркеп, қажет болған жағдайда оператор сәйкесінше шаралар қабылдайтын болады.

Сонымен қатар, сулы-нулы бульварда қосымша бейнебақылау камералары орнатылады.

Естеріңізге сала кетейік, сулы-нулы бульварды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда онда жаяужол тақтайшалары гранитке ауыстырылып, суармалы су құбыры өткізілді, жарықтандыру іске қосылып, шағын сәулеттік формалар қойылды, өтетін жолдағы асфальтбетон төсеніш жөндеуден өткізілді, сонымен бірге газон төселіп, гүлзарлар отырғызылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны