05.04.2012, 14:34 4781

Елордада Сенаттың жалпы отырысы өтті

Бүгін Сенатта Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге байланысты халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы Қазақстан мен Испания Үкіметтері арасындағы келісім ратификацияланды.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - Елордада Сенаттың жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Сенатта Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мен қалпына келтіруге байланысты халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы Қазақстан мен Испания Үкіметтері арасындағы келісім ратификацияланды.

Сондай-ақ, сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғалған байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын қабылдады. Бұл құжат шифрлауды жүзеге асыру және үкіметтік байланысты қамтамасыз етуді қамтамасыз етуге бағытталған. Қабылданған заң шифрлау құралдары туралы мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу, шифрлау жұмысы, құпияландырылған және кодталған байланыс сияқты ұғымдарды қамтиды

"Шифр жағы, жабық байланыс жағы бүгінгі заңда толықтырылмалар салынды. Өйткені, ол керек. "Сырбарға", басқа органдарға, Қорғаныс министрлігіне бұл заң аяғына дейін жетілдірілуі керек. Өйткені, өзіміздің шифр, документтеріміз болуы керек. Өйткені, басқа елден ала алмаймыз ғой. Өзіміздің Қазақстанның құпия жағын сақтау керек",- деп мәлім етті ҚР праламенті сенатының депутаты М. Алтынбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны