19.06.2015, 11:45 3458

Елордада зейнеткерлерге арналған тағы да бір шағын орталық ашылды

Астанада "Алматы" ауданыныӊ Ардагерлер кеӊесі жанынан зейнеткерлерге арналған жаӊа "Жанұя" шағын орталығы ашылды

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада "Алматы" ауданыныӊ Ардагерлер кеӊесі жанынан зейнеткерлерге арналған жаӊа "Жанұя" шағын орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қажымұқан көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұрып жатқан зейнеткерлер демалыс уақыттарында шахмат, дойбы ойнап, сауықтыру гимнастикасымен шұғылданып, ән айтып, жеткіншек қыз балаларды тоқу, тігу, ас мәзірлеуге үйретіп, жастарды дәстүрлі тәрбиеге баулумен айналысатын болады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Бүгінгі таӊда аудан бойынша осындай 10 шағын орталық жұмыс атқаруда. Қариялар қоғамдық өмірде де белсенділік танытып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізіп отырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны