23.06.2015, 11:08 3732

Елордалық полиция - қауіпсіздік пен тәртіп кепілі

Бүгін Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков елордалық полиция қызметкерлеріне жаӊа 40 қызметтік көліктіӊ кілтін табыс етті. Салтанатты шара қала әкімдігініӊ алдындағы алаӊда өтті

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласыныӊ әкімі Иділбек Жақсыбеков елордалық полиция қызметкерлеріне жаӊа 40 қызметтік көліктіӊ кілтін табыс етті. Салтанатты шара қала әкімдігініӊ алдындағы алаӊда өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа қызметтік көліктер елордалық полицейлерге кәсіби мерекелері аясында берілді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге арналған "Пежо 301", ресми делегацияларды тасымалдауға арналған "Пежо 508" және "Шкода Октавия", сонымен қатар, саяжай алаптарын патрульдеуге арналған "СангЕнг-Кайрон" автокөліктері, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Отандық көліктердіӊ барлығы полиция көліктерініӊ қазіргі заманғы техникалық талаптарына сай және ІІМ ақпарат базасынан қажетті жедел ақпаратты алуға, қоғамдық тәртіпті бұзу мен жол қозғалысы ережелерін сақтамау фактілерін тіркеу құрылғыларымен жабдықталған.

Қызметтік автоөкліктер паркін жаӊарту - мемлекеттіӊ құқық қорғау органдары қызметініӊ сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларыныӊ бір бөлігі ғана.

Бүгінгі таӊда Астанада "Тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудіӊ кешенді жүйесі" ауқымды жобасы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта жоба аясында қалада 15 мыӊ бейнекамера орнату көзделген. Бұл жобаныӊ басқа элементтерімен бірге елордалық полиция жұмысыныӊ технологиялық базасын жаӊа деӊгейге көтереді.

- Мемлекет басшысы өзініӊ 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бағытындағы "100 нақты қадам" бағдарламасында полицияны жаӊа сапалы кезеӊге көтеру үшін бірқатар маӊызды тапсырма берген болатын. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік қызмет жүйесіне қосу және жергілікті полиция қызметін құру полиция қызметініӊ, Астана қаласы Ішкі істер департаменті жұмысыныӊ ұйымдастырылуына оӊ әсер етеді, - деді әкім,

Бүгінгі таӊда қаладағы тәртіпті елорда гарнизоныныӊ 3400 қызметкері қамтамасыз етеді. Икімніӊ айтуынша, олар қала әкімдігімен бірігіп Мемлекет басшысыныӊ тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында үлкен жұмыстар атқаруы керек.

Қорытындылай келе, қала басшысы құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлеріне осынау маӊызды жұмыстарында сәттілік пен бар жақсылықты тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны