27.07.2017, 20:00 4160

Елордалықтарға Жамбыл облысыныӊ күндері аясында сақ жауынгерлерініӊ дулығасыныӊ инсталляциясы таныстырылды

Елордалықтарға Жамбыл облысыныӊ күндері аясында сақ жауынгерлерініӊ дулығасыныӊ инсталляциясы таныстырылды

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today -Елордалықтарға Жамбыл облысыныӊ күндері аясында мұражайларда өте сирек кездесетін экспонаттыӊ бірі - сақ жауынгерлерініӊ дулығасыныӊ инсталляциясы таныстырылды. Қоладан жасалынған алып дулыға біздіӊ заманымыздан бұрынғы 6-5 ғасырларға жатады.

- Тарихтыӊ біз біле бермейтін қызықты деректері көп екеніне бүгін көзім жетті. Исіресе сақ жауынгерлері дулығасыныӊ өлшемі таӊқалдырды. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз бізден әлдеқайда ірі блғанын естігем, бірақ мұндай бас киімді көруім бірінші рет. Керемет көрме екен! - деп, ағынан жарылды астаналық Жәнібек Маемгенов.

Сақтардан келешек ұрпаққа аманат еткен, сол дәуірде аӊшылық пен соғысқа қолданған екі дөӊгелекті арба да елордалықтарға паш етілді. Осындай арбалармен олар Ежелгі Грецияда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Астанаға жамбылдықтар Сарысу ауданында табылған Ынталы үӊгірініӊ көшірмесін де әкелді. Көрмеге келушілер үӊгірдіӊ ішіне кіріп, неолит дәуірінде өмір сүрген адамдардыӊ тұрмыс-тіршілігінен харбардар бола алады.

Жалпы Жамбыл өӊірініӊ тарихынан сыр шертетін кешенді көрмеге Иулие ата өӊірінен 400 жуық үлкенді-кішілі археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық және басқа да құнды жәдігерлер әкелінді.

Бірінші күнніӊ шаралары "Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан Астанаға тарту" атты этно-мәдени керуенініӊ келуінен бастау алды. "Хан Шатыр" кешенініӊ маӊындағы Ғашықтар саябағына ат басын тіреген керуенді 500-ге жуық облыстыӊ өнерпаздары қатысқан театрландырылған көрініспен күтіп алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны