25.04.2014, 19:37 4584

Елорданың экономикалық негізін ШОБ секторы құрайды - И. Тасмағамбетов

Қазіргі уақытта жалпы өңірлік өнімнің 60% жуығын құрайтын шағын және орта бизнес секторы елорданың экономикалық негізін құрап отыр. Жалпы алғанда қызмет көрсету саласында 316 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 77% жуығы жұмыс істейді. Жыл сайын 70% астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Елорданың экономикалық негізін шағын және орта бизнестің секторы құрайды, бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жалпы өңірлік өнімнің 60% жуығын құрайтын шағын және орта бизнес секторы елорданың экономикалық негізін құрап отыр. Жалпы алғанда қызмет көрсету саласында 316 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 77% жуығы жұмыс істейді. Жыл сайын 70% астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Бұған қоса, мемлекеттік бюджетке түсімдер жылына орта есеппен 20%-ға тұрақты түрде ұлғайып келеді. Бес жылда түсімдер 2 есеге артты және 2013 жылы 610 млрд. теңгеден астамды құрады.

Келер жылдан бастап республикалық бюджетке 7,5 млрд. теңге, 2016 жылы - 17,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынады. Яғни, Астана республикалық бюджет "донорларының" төртеуінің құрамына енеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны