05.07.2018, 23:00 16297

Елорданыӊ өркендеуі - Қазақстанныӊ өркендеуі

Қазақ елі Тәуелсіздігініӊ тұғыры іспеттес Елорда биыл 20 жасқа толып отыр. Илбетте, бұл жас бір мемлекеттіӊ астанасы үшін қас -қағым сәт секілді. Алайда, осынау аз ғана жыл ішінде Астана дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаҺандағы сұлу шаҺарлардыӊ біріне айналды.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Астананыӊ 20 жылдығына орай Қазақстанныӊ танымал тұлғалары пікір білдіреді:

Өмірзақ Айтбай:

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамыныӊ президенті, академик

Елорданыӊ өркендеуі - Қазақстанныӊ өркендеуі

"Қазақ елі Тәуелсіздігініӊ тұғыры іспеттес Елорда биыл 20 жасқа толып отыр. Илбетте, бұл жас бір мемлекеттіӊ астанасы үшін қас -қағым сәт секілді. Алайда, осынау аз ғана жыл ішінде Астана дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаҺандағы сұлу шаҺарлардыӊ біріне айналды. Күн санап өсіп жатқан Астана қазіргі таӊда Шығыстыӊ да, Батыстыӊ да айшықтарын өн бойына үйлестірген байтақ қала атанды. 20 жылда Астана үлкен мегаполиске айналды. Статистика мәліметтеріне қарағанда, қала халқыныӊ саны миллионнан асты. Қара шаӊырақ астында дүниеге келген қазақ көк әлеммен тілдескен үйлерді құтты қонысқа айналдырып, қысылып-қымтырылмай, жаҺан халықтарымен иық тірестіріп тұратындай дәрежеге жетті. Үшінші мыӊжылдық табалдырығын ұлт болып ұйып аттаған қазақ елі болашаққа нық қадам басып, алыс қияндарға жанарын жіті қадайды. Қазақстанды асқар асуларға бет алған керуен десек, Астана оныӊ адастырмас темірқазығы іспетті. Бас-аяғы 20 жылда Бәйтеректей биіктеген Астананыӊ сұлу күйі әлем назарында. Елорданыӊ түлеуі мен түрлену кезеӊі әлі алда. Елбасыныӊ "Астананыӊ өркендеуі - Қазақстанныӊ өркендеуі" деген тереӊ тұжырымдамасын қағида етіп ұстанған жасампаз күш иелері қала келбетін одан әрі сұлуландыруда. Еуропаныӊ сәні мен шығыстыӊ нәзік нақышы қатар өрілген, өркениеттіӊ сәтті қабысуы нәтижесінде ажарланып, абаттана түсетін асқақ Астана ұлтымыздыӊ мақтанышына айналып отыр. Елордада бой түзеген "Астана Бәйтерегі", тәуелсіз Қазақстанныӊ бейнелі белгісі іспетті. Франция еліне Париж қаласына барған жан еӊ алдымен Эйфель мұнарасын іздейді. Бәлкім, Бәйтерек болашақта Астанамыздыӊ бейнелі белгісі болар. Экономикалық және саяси - әлеуметтік маӊызы зор Елорданы осы заманға сай үлгіде абаттандыру - әлемге еліміздіӊ жаӊашыл үрдісте дамығандығын, жаҺан әркениетінен қалыс қалмағандығын танытады. Қалай дегенмен де, Астана Қазақстанныӊ бет пердесі. Сол себепті, Астананыӊ өркендеуі - Қазақстанныӊ өркендеуі. Астанамыздыӊ абыройы асқақтап, беделі биіктеп, бүкіл әлем көз тігетін, қызыға қарайтын, қазақстандықтар шат-шадыман сезімге бөленетін, шаттық шаҺарына айналды. Арқаныӊ ажарына, азаттықтыӊ айғағына баланды. Айта берсек, Астана шежіресі туралы шертілер сыр аз емес. Бүгінде төрткүл дүниеге танылған Еуразия кеӊістігіндегі ғажайып Астана - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төл туындысы. Ажары ақсәулемен жарқыраған, назары күн нұрындай сарқылмаған, алтын күмбезді Астанамыздыӊ әр даӊғылы гүл ашып, баянды болашаққа жол ашып келеді. Ендеше, айбарымен алаштыӊ арқасын қоздырып тұрған Астанамыз асқақтай берсін!".

Асанәлі Ишімов:

ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты, Қазақстанныӊ Еӊбек ері

Ұлттық рух та, адуынды айбат та бар

"Астана жас қала болғанымен, оныӊ орналасқан жері - киелі Сарыарқаныӊ тарихы тереӊде жатыр. Кез-келген қала бейнебір тірі ағза тәрізді дүниеге келу, өсіп-өркендеу кезеӊдерінен өтетіні белгілі. Астана қаласы да қысқа мерзімде өзініӊ қалыптасу, өсу, өркендеу сатыларына абыроймен көтеріліп келеді. Елордамыз аз уақыттыӊ ішінде адам айтса сенгісіз, көздіӊ жауын алар әдемі шаҺарға айналды. Біз Астананыӊ қалай салынып, көркейгенін көзбен көрдік. Астананыӊ келбеті күн сайын емес, сағат сайын жаӊарды, көркейді. Астана - халқымыздыӊ мақтанышы, еліміздіӊ егемендігі мен тәуелсіздігініӊ нышаны. Бір кездері шет аймақтағы қала аз уақыттыӊ ішінде сан мыӊдаған тұрғындардыӊ саяси, экономикалық және мәдени өмірдіӊ орталығына айналды. Мұнда қазір қызмет ету де, білім алу да - бақыт, арман. Бар әлемніӊ назарында тұрған Астанада ұлттық рух та, адуынды айбат та бар. Бас қаланыӊ мәдени өміріндегі толайым табыстар да аз емес. Бүгінде Елордамыз ұлттық идеяныӊ темірқазығы, ұлттыӊ рухани түлеуініӊ қозғаушы күші. Жас қала еліміздіӊ күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті орда. Қазіргі Астананыӊ көз тоймастай көркіне, жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір адам қызыға қарайды. Бас қала бүгінде айрықша сәулетімен ғана ерекшеленіп қоймай, сондай-ақ, бау-бақшалы қалаға айналды. Астананыӊ Астана болуына Елбасымыз Н.Назарбаевтыӊ еӊбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаӊаша гүлдендірді. Ертеректегі Ақмола, бүгінгі Астана адам танымастай өзгерді. Иә, Астанамыздыӊ салуда Елбасымыздыӊ ерлігі ерен. Жиырма жылдыӊ ішінде Елордада көптеген білім, денсаулық сақтау және мәдени нысандар бой көтерді. Астананы әлем таниды, мойындайды. Астанамен бірге Қазақ елін де дүниежүзі танып, білді. Қазір елдегі басқа аймақтар Астанаға қарап бой түзейтін болды. Бұдан былай Астана елдіӊ экономикалық, әлеуметтік қана емес, мәдени дамуын алға сүйрейтін локомотиві болуға тиіс".

Смағұл Елубаев:

Жазушы, кинодраматург, ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері

"Мен өзім қазір Астанада жүрмін. Елорданыӊ 20 жылдық мерейтойына орай ХІҮ Халықаралық "Еуразия кинофестиваліне" қонақ болып қатысып отырмын. Астана қазір бұрынғыдай емес, күннен-күнге көркейіп, өсіп-өркендеп келеді. Тіпті, бір жылдыӊ ішінде қала адам танымастай өзгеріп кетіпті. Сырт көзге бұл бірден байқалып тұр. Небір әсем, зәулім ғимараттар салынған. Қаланыӊ еӊсесі көтерілген. Қала тап-таза, көшелері гүлмен көмкерілген. Бұрын біз Астананы Қазақстан қалаларымен теӊестіріп, солардыӊ алдын орап келе жатқан қала ғой деп қарайтын едік. Қазір Астана, шын мәнінде, Қазақстанныӊ еӊселі Елордасына айналыпты. Мен өзім Еуропаныӊ көптеген қалаларын аралағанмын. Енді Астананыӊ әлемніӊ бас қалаларымен теӊестіруге болады екен. Олардыӊ ешқайсысынан еш кем түспейді. Астана - әлем назарын аударатын қалалардыӊ біріне айналған. Қалаға туристер көп келе бастаған. Мен өзім кеше Бәйтеректіӊ түбінде жүріп, қаншама туристерді көрдім. Олар қайта-қайта суретке түсіп, қаланы тамашалап жүр. Біз өзіміз осында жүрген соӊ, барымызды көп бағалай білмейміз ғой. Ийтпесе, шындығына келгенде, Астана - ерекше қала. Небәрі 20 жылдыӊ ішінде осындай сәулетті қала бой көтерді. Басқа шаҺарларға тіпті де ұқсамайды. Бітімі бөлек. Ерекше. Мақтаныш етесіӊ, марқаясыӊ. Түбі Астана тек сәулетті қала ғана емес, сонымен бірге Еуразия кеӊістігіндегі құлашын кеӊ жайған, іскерлік пен мәдениеттіӊ, ғылымныӊ қыз-қыз қайнаған орталығына айналады. Осы орайда, елдіӊ өзі "Бас қаланыӊ бас архитекторы" деп бағалаған Елбасымыздыӊ келе жатқан туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Илемде Астанасын көшірген ел көп емес. Соныӊ бірі - Қазақстан. Астананы ауыстыру туралы әӊгіме қозғағанда, бұл бастамаға күмәнмен қарағандар көп болды. Бірақ, мойындайтын бір шындық бар. Назарбаев арманы ақиқатқа айналды. Сарыарқаныӊ төрінде бүгінде жарқырап, жайнап, жас қала бой көтерді. Астананыӊ аты әлемге әйгілі болды. Бір сөзбен айтқанда, Астана қанаты кеӊге жайыла береді. Астана - келешектіӊ қаласы. Елорданыӊ болашағы зор болады. Бүкіл ел алдағы уақытта бас қаланы - өсіп-өркендей беретініне кәміл сенеді. Жасай бер, жайнай бер, Астана".

Ендігі кезекте Астанаға қоныс аударып, кезінде жаӊа Елордасыныӊ тұрғыны атанған азаматтардыӊ естеліктері мен ой-тұжырымына құлақ түріп көрсек, олар мынадай үш сауалға жауап берді:

Астанаға қоныс аударуыӊызға не себеп болды?

Алғаш келген жылдар несімен есте қалды?

Қаланыӊ кешегісі мен бүгінгісінен нендей айырмашылықты байқайсыз?

Жұбаныш Ибдібаев:

сәулетші

1.Бұл қалаға келуімніӊ себебі жұмысыма байланысты болды. Қалаға өз бетімше қызмет істеуге келдім. 2007 жылы қала тұрғыны атандым. Кәсібіме сай қалада жұмыс көп болды.

2.Астанаға келген жылдардан есімде қалғаны - қаланыӊ өте шағын болғаны. Сол жағалауда "Бәйтерек", "Салтанат сарайы" ғана бой көтерген еді. Халық негізінде оӊ жағалауда болды. Халық та, қала да өте жабырқау болды. Құрылыс қарқыны өте қызу жүргізілгені соншалық, апта сайын жаӊа ғимарат пайда бола бастады. Илемде Астанадай ешбір құрылыс салынбаған шығар.

3. Қала әкімі өзініӊ халыққа бір берген есебінде жыл сайын мұнла 40 мыӊ адам көшіп келетінін айтқан еді. Бұл дегеніӊіз кезіндегі мықты аудандардыӊ тұрғындарыныӊ санымен теӊ. Қазіргі шағын қалалардыӊ халқыныӊ саны. Кез-келген елдіӊ әлеуметтік ахуалы сол мемлекеттіӊ халқыныӊ санымен есептелетін қағида бар. Бүгінде қала халқыныӊ саны 1 миллионнан асып отыр. Демек, Астананыӊ болашағы бар деген сөз.

Асылжан Ибубәкірұлы:

дәрігер

1.Астана - жаӊа қала. Осы жаӊа қалада, жаӊа ортада, жаӊа өмір бастағанды қаладым. Кәсіби мамандығыма сай осы қалада балалар дәрігері болып қызметімді бастадым. Кез-келген жаӊа бастаманыӊ өз қиындығы болады. Бас кезінде өте қиын болды. Өз мамандығыӊды сүйсеӊ, адал еӊбек етсеӊ, бәрін жеӊеді екенсіӊ. Астана жеӊді, жігерімді жаныды, азамат болып қалыптасуыма септігін тигізді. Бұл күнде күн сайын шаӊырағыма басымды иіп, кіремін. Ол меніӊ Астанама басымды игенім, отанымды сүйгенім, оныӊ ыстығына күйгенім, суығына төзгенім деп ойлаймын!

2.Астанадағы алғашқы жылдарым үнсіздігімен есте қалды. Жаӊа ортада достар тауып өрісім кеӊейді.

3.Бүгінгі қаланы осыдан 10 жыл бұрынғы қаламен салыстыруға болмайды. Қаланыӊ бүкіл тынысы кеӊіді, жағрафиясы ұлғайды. Сол жағалауда жаӊа тұрпатты қала бой көтерді. Оныӊ өзі бір шаһар!

"Алматы ақшамы" газеті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны