13.06.2014, 18:44 3297

Елорданың жасыл белдеуіне балды өсімдігі отырғызылады

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шаһарда 1998-2004 жылдары негізінен жапырақты жыныстар отырғызылды. Атап айтқанда, сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, жалпақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде боз жиде, қазақстандық терек, қарақат, ақ көріктал, бессея шиесі, татар бөріжидегі.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Астананың айналасындағы жасыл белдеудің жалпы ауданы 14 827 га құрайды. Қазіргі уақытта онда 9 миллионнан астам ағаш пен 2 миллионға жуық бұта өсуде.

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, шаһарда 1998-2004 жылдары негізінен жапырақты жыныстар отырғызылды. Атап айтқанда, сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, жалпақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде боз жиде, қазақстандық терек, қарақат, ақ көріктал, бессея шиесі, татар бөріжидегі.

Үстіміздегі жылы жасыл белдеуде бірінші кезекте көшеттерді бағып-күту жұмыстары жүргізіледі және жобаның екінші кезегін іске асыру жұмыстары қолға алынды.

2014 жылғы күзге дейін 170 га артық жерге балды өсімдіктер отырғызылды. 2022 жылға дейін жалпы іс жүзінде ағаш отырғызуға жарамды 6042 га аумақта жобалау-іздеу жұмыстарының төрт кезегі жүргізілмек. 4317 га ауданға тамыр жүйесі жабық екпе көшеттер мен 1725 га шөп отырғызылады.

Жобалардың барлық кезектерін іске асырудың нәтижесінде елорда қонақтары мен тұрғындарына демалуға арналған жоғары декоративті көшеттер отырғызылады және жасыл белдеудің орман алқабын жасанды жасалған Орта Азияда баламасы жоқ жерге айналдырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны