01.02.2024, 17:14 79921

ҰЭМ басшылығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді

Кездесу барысында биылғы жылы Астана Халықаралық форумы шеңберінде арнайы сессия өткізу мүмкіндігі қарастырылды
Астанада Әлібек Қуантыров ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының) Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсонмен кездесті, деп хабарлайды Gov.kz.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту, оның ішінде Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында биылғы жылы Астана Халықаралық форумы шеңберінде арнайы сессия өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

Министр аталмыш панельдік сессияға ЭЫДҰ, сондай-ақ оған мүше елдердің министрліктері мен халықаралық ұйым өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатыса алатынын айтты. ЭЫДҰ қатысушыларының реформалар жүргізу, стандарттар мен құқықтық құралдарды имплементациялау жөніндегі тәжірибесі елімізге Ұйымға кіру кезінде озық үлгіні қабылдауға көмектеседі.

Іс-шара соңында Ә.Қуантыров Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары стандарттарын әзірлеу мен енгізуге бағытталған ЭЫДҰ-ның саясатын ұстанатынын атап өтті. Тараптар осы бағыттағы тығыз ынтымақтастық серіктестік қатынастарды дамытуға, әсіресе ҚР-дың инвестициялық тартымдылығы тұрғысына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны