25.05.2015, 12:21 3246

Емдеу ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтарға биыл жыл басынан бері 30,5 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмек берілді

2015 жылғы 1 қаӊтардан бері медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар 30,5 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмек алды

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 1 қаӊтардан бері медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар 30,5 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмек алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы 2015 жылы тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 34 млрд. теӊге, ал республикалық бюджеттен 50 млрд. теӊгеге жуық қаражат қарастырылған.

Республиканыӊ барлық өӊірлерінде дәрілік қамтамасыз етудіӊ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлердіӊ рецепт жазуын, науқастардыӊ мемлекет кепілдік берген препараттарды нақты алуын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Дәрілік заттар фармацевтикалық қызметтер ұсынатын дәріханалық ұйымдар арқылы жіберіледі.

Еске сала кетейік, амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізіміне сәйкес жүзеге асырылып, 48 нозология бойынша 400-ден астам дәрілік зат тегін беріледі. Оныӊ ішінде 13 нозология бойынша дәрі-дәрмекке қаражат республикалық бюджеттен, 35 нозология бойынша жергілікті бюджеттен бөлінеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны