17.07.2014, 21:04 3127

Емханаға тіркелген әр пациентке қаржыландыру жүргізіледі - министр

Бүгінде медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелуге тұрғылықты жердің тіркеу қағазын көрсету міндеттелмейді. Қазіргі таңда әрбір пациентті қаржыландыратын денсаулық сақтау басқармасы деңгейіндегі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацияолар қызметінің брифингінде денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Бүгінде медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелуге тұрғылықты жердің тіркеу қағазын көрсету міндеттелмейді. Қазіргі таңда әрбір пациентті қаржыландыратын денсаулық сақтау басқармасы деңгейіндегі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникацияолар қызметінің брифингінде денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

"Еркін таңдауға келер болсақ, егер азамат Оңтүстік Қазақстанда тіркеуде болғанымен қазіргі таңда Астанада болса, онда науқастан тіркеу қағазы сұралмайды. Бұл Астана мен Алматы және өзге де өңірлерге қатысты. Бұл өз кезегінде миграциялық мәселелерді шешуге оң әсер етіп, науқастың емін көтеретін Оңтүстік Қазақстан бюджетінде қаражат қалмаса, онда тұрғын Астана бюджеті есебінен ем қабылдай береді. Қазіргі таңда тұрғылықты жердің тіркеу қағазы сұралмайды, бастысы азаматтың Астанада тұрып, осы жақта жұмыс істеуі. Тұрғылықты жердің қағазы сұралмайтынының тағы бір себебі аталмыш бастаманың өңірлік емес республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласының қолға алынуы болып табылады", - дейді министр.

Сонымен қатар С.Қайырбекованың айтуынша, бұл тәжірибе қазірдің өзінде оң нәтижесін беруде. Қазіргі таңда әрбір тұрғынның бас-басына қаржыландыру қарастырылған.

"Кейде мынадай жағдайлар болады. Отбасының әр мүшесіне әр түрлі дәрігерлер бекітіліп, сондағы отбасы мүшелері аталмыш компанияның бекітіп берген дәрігеріне ғана қаралуды әдетке айналдырды. Қазіргі таңда еліміздің барлық азаматы учаскілер бойынша бекітілді", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны