18.04.2012, 14:54 3632

Еңбек министрі Ақмола облысына жұмыс сапарын жасайды

Бүгін Ақмола облысының әкімдігінде өтетін кеңесте Еңбекшілдер ауданындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының іске асырылу барысы таныстырылады деп жоспарлануда. Кеңесте сондай-ақ Сандықтау және Бурабай аудандарындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша еңбек министрі Гүлшара Ибдіхалықова бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарын жасап, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының іске асырылу барысын тексереді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Ақмола облысының әкімдігінде өтетін кеңесте Еңбекшілдер ауданындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының іске асырылу барысы таныстырылады деп жоспарлануда. Кеңесте сондай-ақ Сандықтау және Бурабай аудандарындағы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысушылар сөз сөйлейді деп күтілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Г.Ибдіхалықова Елбасының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген халықты жұмыспен қамту саласындағы тапсырмаларды іске асыру жөніндегі 2012 жылдың міндеттерін таныстырады.

Министр бүгін сондай-ақ Көкшетау қаласындағы Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны