Система Orphus

Еӊбек нарығыныӊ қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау жөннідегі бағыт бойынша кадр даярлауға 12 771 үміткерден өтініш түсті

08.08.2017, 19:45 1860

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Бірінші бағыт бойынша БҒМ бірінші қолдау шараларын іске асыру бойынша жалпы үйлестіру мен мониторингті жүзеге асырады:

- Еӊбек нарығыныӊ қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (Білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) БҒМ қаржыландыруды жалпы сипаттағы трансферт арқылы жүргізеді).

2017 және 2021 жылдар аралығында аталған Бағдарлама шеӊберінде 320,5 мыӊ адам қамтылатын болады, оныӊ ішінде даярлауға - 106,5 мыӊ адам (жыл сайынғы қабылдау - 21,0 мыӊ адам).

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидалары БҒМ-ніӊ 2017 жылғы 30 қаӊтарағы № 35 бұйрығымен бекітіліп, ҚР Иділет министрлігінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 14853 болып тіркелді.

Бағдарламаныӊ өзгерістеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидаларына БҒМ-ніӊ 2017 жылғы 17 шілдедегі № 338 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұйрық ҚР ИМ 2017 жылғы 24 шілдеде тіркеуге жіберілді).

Бірінші шара бойынша: Еӊбек нарығыныӊ қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

Өӊірлерде кадрларды даярлауға үміткерлердіӊ тізімін қалыптастыру жөніндегі 1844 мобильді топ құрылды.

317 білім беру ұйымдарыныӊ тізбесі анықталды.

ЖАО жұмысшы кадрларды даярлау үшін 586 біліктілік бойынша 271 басым мамандықтар тізбесін (сервис және қызмет көрсету, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы) айқындады.

БҒМ техникалық, ауыл шаруашылығы, технологиялық және сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша біріктірілген оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Бағдарламаға қатысушылардыӊ санаты айқындалды: 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген, аз қамтылған отбасынан шыққан, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар, сондай-ақ азаматтардыӊ өзге санаттары.

Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақпен, тегін жолақымен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытта кадрлар даярлау үшін 12 771 үміткерден өтініш түсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны