07.12.2012, 14:32 2948

Енді азаматшалар некеге тұрғаннан кейін өзінің тегін интернет арқылы ауыстыра алады

Енді азаматшалар некеге тұрғаннан кейін немесе некені бұзғаннан кейін тегін eGov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен ауыстыра алады, деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Енді азаматшалар некеге тұрғаннан кейін өзінің тегін интернет арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Енді азаматшалар некеге тұрғаннан кейін немесе некені бұзғаннан кейін тегін eGov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен ауыстыра алады, деп хабарлады "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

Енді текті ауыстыру туралы өтініш беру үшін онлайн-өтінішті толтыру жеткілікті.

"Е-өтінішті беру үшін www.egov.kz порталына кіріп тіркелу қажет және электрондық сандық қолтаңбаның (ЭСҚ) болуы керек. "Тегі, аты-жөні, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу үшін электрондық өтініш беру" қызметі "Отбасы" бөлімінде "Онлайн қызметтер бір тізіммен" категориясында ораналасқан. Осы форманы толтырғаннан кейін аты-жөнді ауыстыру үшін негізгі құжаттар: некені қию немесе некені бұзу туралы куәліктер қажет. Одан кейін өтінішке электрондық қолтаңба қойылады", - деп кеңес берді ведомстводан.

Үш жұмыс күні ішінде сайтты пайдаланушылар өтініштің қыбалдануы, қабылданбауы туралы хабар алады. Мәселе оң шешімін тапса, ескертпеде уақыт, күн және АХАЖ бөлімінің мекенжайы көрсетіледі. Осы мекенжайға текті ауыстыруды тіркеу үшін және куәліктерді алу үшін бару қажет.

Қызмет үшін мемлекеттік бажды электрондық әдіс арқылы, яғни қандай да бір банктың төлем картасы, "Сбербанктың" дербес шоты немесе банкте есеп-өтініш арқылы төлеуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны