05.05.2015, 18:58 4379

Енді Қазақстанда құрылыс бастау үшін рұқсат алу "30, 20, 10" қағидаты бойынша іске асады

Қазақстанда құрылыс бастау үшін рұқсат алу жолы жеӊілдемек. Ішінара рұқсат алу қағаздары мен лицензиялар толық жойылады. Бұл туралы үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда құрылыс бастау үшін рұқсат алу жолы жеӊілдемек. Ішінара рұқсат алу қағаздары мен лицензиялар толық жойылады. Бұл туралы үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Құрылыс бастау үшін рұқсат алу жолын барынша жеӊілдету керек. Қанша айтсақ та, қанша сынға алсақ та, қаншама жерге жазсақ та, бұл кеселді мәселені шеше алмай отырмыз. Енді барлық ішінара рұқсат беру қағазары мен лицензиялау жойылады. Қазір құрылыс саласында бақылау, бағалау жүргізу ісінде бәсеке басталды. Құрылысқа рұқсат алу 30, 20, 10 қағидаты бойынша жүзеге асады. Бұл дегеніміз: сәулет-жобалау тапсырмаларына еӊ көп дегенде 30 күн, жобаны келісуге 20 күн, ал еӊ негізгі рұқсатты алуға 10 күн кетуі тиіс. Ал, қазір құрылыс алуға қанша уақыт ішінде рұқсат алады? Бір жыл ма, екі жыл ма? Сондықтан, жоғарыдағы айтылған мәселені заӊнама арқылы енгізуіміз керек", - деді осы міндетті айқындай отырып Н.Назарбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құрылыс жүргізу кезінде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердіӊ ескіргенін атап өтті.

"Сонымен қатар, құрылысқа ресурстық әдіс-тәсіл мен еуропалық кодтар жүйесі енгізіледі. Біз әлі күнге дейін кеӊестік кездегі "СНиП"-пен (құрылыс жүргізу нормалары мен ережелері - агенттік) жұмыс істеп келеміз. Жарты метр жерде үш қабырғаныӊ орны тұр. Қонақ бөлмелер, дәліз, тіпті дәретхананыӊ орналасуы басқаша. Осыны әлі күнге дейін жаӊарта алмай келеміз. Жоғарыдағы жүйені енгізе отырып, құрылыстыӊ еӊ озық стандарттарына ауыса аламыз, бұл өз кезегінде құрылыс қызметтерініӊ сапасын жақсартып, экспортқа шығаруға мүмкіндік береді", - дейді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны