29.07.2014, 19:54 6728

"Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпазына 4 млн теңге беріледі

Астанада тамыздың 16 күні "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы 25 маусымда жариялаған "Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпаздары анықталады.

Алматы. 29 шілде. Kazakhstan today. Астанада тамыздың 16 күні "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы 25 маусымда жариялаған "Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпаздары анықталады.

Байқаудың мақсаты - Қазақстанда жаңа инновациялық технологиялардың дамуына септігін тигізе алатын стартап-жобаларға қолдау көрсету.

Сайысқа қатысамын деушілер арнайы құрылған www.champions2017astana.kz сайтта онлайн өтініш бере алады.

Қазақстандық баспасөз клубынан хабарлағандай, өнертапқыштар екі кезең бойын өз идеяларын қорғап шығуы керек. Дәлірек айтатын болсақ, жобасының артықшылығын, оған қанша қаражат кететінін және оны жүзеге асыру кезеңдерін түсіндіріп өту керек.

Доданың алғашқы кезеңінде үздік деп танылған 10 жоба іріктеліп алынады. Ал, инновациялық жобаның жалғыз жеңімпазы Астанада тамыздың 16 күні белгілі болмақ. Үздік өнертапқышқа 4 млн. теңге сыйақы беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны