21.12.2007, 16:31 3270

Энергетикалық тізбектің барлық бұтақтары энергетикалық қауіпсіздік үшін жауапты болуға тиіс - Назарбаев

Энергетикалық тізбектің барлық бұтақтары энергетикалық қауіпсіздік үшін жауапты болуға тиіс - Назарбаев

Астана. 21 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сатушы елдер мен транзитті елдер, тұтынушылар мен трансұлттық энергетикалық корпорацияларға дейінгі энергетикалық тізбектің барлық бұтақтары энергетикалық қауіпсіздік үшін жауапты болуға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының оқытушы-профессорлар құрамымен кездесуде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кейінгі кездері энергетикалық қауіпсіздік деген ұғымды түсіну аясы өзгеру ағымы байқалуда. Ал бұрын оны тұтынушыларды энергетикалық ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету ғана деген пайым болды. Қазір оған қуат көздерін халықаралық нарықта өндіру, тасымалдау мен сату қамтылады. Сатушы елдер мен транзитті елдер, тұтынушылар мен трансұлттық энергетикалық корпорацияларға дейінгі энергетикалық тізбектің барлық бұтақтары энергетикалық қауіпсіздік үшін бірдей жауапты болуға тиіс ", - деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "әлемдік саясаттағы энергетикалық фактордың түсінігі аясын әдістемелік тұрғыда біршама кеңейте түсуді ұсыну арқылы әжептуәуір қызықты тұжырымдарға келуге болады, ал олар қазіргі замандағы кейбір іргелі процестердің мән-маңызы мен түп-тамырын айқын әрі ашық түсінуге мүмкіндік береді".

"Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығында әлем мұнай өндірудің шыңырау шегіне жетті деп саналады. Мұнай беретін негізгі көздер қуатының ең жоғарғы шегінде пайдаланылуда, сонымен бірге, энергетикалық ресурстардың аумақтық тұрғыда төтенше біркелкі таралмағандығын және біркелкі шоғырланбағандығын атап өту керек. Ғаламдың экономиканың басты ресурсы ретінде мұнай біздің өркениетіміздің энергетикалық негізіне айналды. Жер бетінде мұнай қорының ала-құла таралуы қазіргі заманғы экономиканың тепе-теңсіздік сипатының негізі ретінде қабылданатын болды", - деді Қазақстан президенті.

"Қазіргі әлем ашықтық идеалы мен әлемнің жекелеген өңірлерін жабық әрі жанға жайлы бекіністерге айналдыру қиялының арасында, әртүрлілік пен бірізділікке талпыныс арасында, декларациялық ұрандар мен қатігез қазіргі ахуал арасында аласұруда. Жалпы адазат өміріндегі ілгерілеушілік жолындағы әрбір қадамның төтенше құндылығына біз нана түскендейміз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны