18.06.2014, 21:08 2829

Энерготиімділік қазақстандық экономиканы дамытуға жол ашады - Дүниежүзілік банкі

"Қазақстан экономикадағы энергетика қамту көрсеткіші ең көп мемлекеттердің бірі, сонымен қатар елдің қуат тұтыну деңгейі де төмен емес. Бұл өз кезегінде қазақстандық өндірушілердің халықаралық нарықтағы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады", - дейді сарапшы.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банкі арасындағы 21,7 млн долларлық сомаға "Қазақстанның энерготиімділігін арттыру" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімге қол қою барысында Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Шебнем Аккаяның айтуынша, энерготиімділік қазақстандық экономиканың дамуына серпін бермек.

"Қазақстан экономикадағы энергетика қамту көрсеткіші ең көп мемлекеттердің бірі, сонымен қатар елдің қуат тұтыну деңгейі де төмен емес. Бұл өз кезегінде қазақстандық өндірушілердің халықаралық нарықтағы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады", - дейді сарапшы.

Оныңа айтуынша, энерготиімділік қазақстандық экономиканың дамуына серпін беріп, азаматтардың әлеуметтік деңгейін арттыруға жол ашады.

"Соның ішінде Дүниежүзілік банк топтары үшін энерготиімділік басым салаларының бірі болып табылады және осы саладағы саясат экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, энергетикалық қауіпсіздікті арттырып, тұрақты экологиялық дамуға арқау болады. Менің пікірімше, ҚР Үкіметімен энерготиімділікті арттыру шараларын қолдауда әріптестік құру кереке", - дейді.

Осылайша, Шебнем Аккаяның айтуынша, Қазақстан энергетикалық тиімділікті арттыруға басымдылық беретін үш мемлекеттің бірі.

"Қазақстан осы сынды жобаларды іске асыруға алғашқылардың бірі болып үн қосуынан үміт етеміз. Осылайша жинақталған тәжірибені ел игілігіне қолдануға ниеттіміз", - дейді. Ш.Аккая.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны