02.03.2020, 21:37 4219

ЕО мүше мемлекеттердің 12 елшісінен құралған делегация Шымкент және Түркістан қалаларына кластерлік сапармен келеді

Наурыздың 1 жұлдызында Еуропалық Одақтың барлық мүше мемлекеттері және Еуропалық Парламент ратификациялаған Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - 2020 ж. 2-5 наурызда Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон жетекшілігімен ЕО мүше мемлекеттердің 12 елшісінен құралған делегация Шымкент және Түркістан қалаларына кластерлік сапармен келеді.

Шымкент қаласына сапары барасында қала әкімі Мұрат Айтенов мырзамен екіжақты кездесу жоспарланған. Күн тәртібінде - Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестіктің әрі қарай даму мәселелері, ынтымақтастықтың жаңа салаларын белгілеу. Сондай-ақ, делегация мүшелері еркін экономикалық және индустриялдық аймақтардың жетекші кәсіпорындарын аралайды.

Дипломаттар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығы мен студенттерімен кездеседі. ЕО мүше мемлекеттер Елшілері жастармен Ambassadors Caf? форматында бейресми түрде кездесіп, ЕО-Қазақстан ынтымақтастығының маңызды тұстарын талқылап, өзінің мансап жолымен, жинақтаған тәжірибесі, және ЕО елдеріндегі білім алу мүмкіндіктерімен бөліседі.

Түркістан қаласында екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылау мақсатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюповпен кездесулер өтеді. Меймандар бизнес жүргізуге жасалған арнайы инвестициялық мүмкіндіктер мен облыстың экономикалық және туристік әлеуетімен таныс болады.

Қожа Ахмет Ясcауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қабырғасында Елшілер студенттермен интерактивті дискуссия өткізіп, Түркістан облысының Халықаралық жастар ресурстық орталығына сапармен барады.

Сонымен қатар, бағдарламада өңірдің мәдени-тарихи көрнекі жерлерін аралау жоспарланған, соның ішінде Қ. Ахмет Ясауи кесенесі, Бәйдібек би ескерткіші және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

Анықтамалық ақпарат

Наурыздың 1 жұлдызында Еуропалық Одақтың барлық мүше мемлекеттері және Еуропалық Парламент ратификациялаған Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып Еуропалық Одақпен осындай келісімге 2015 жылы қол қойды. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны