11.10.2026, 19:23 46241 / 8670

Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында алдын ала мәлімет бойынша қазақстандықтар жоқ - СІМ

Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында алдын ала мәлімет бойынша қазақстандықтар жоқ - СІМ
Сурет: ЖИ
Алдын ала мәлімет бойынша, Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп мәлім етті Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясының астанасындағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған зымыран соққысы салдарынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жарақат алған болатын.

Қақтығыс хуситтерге қарсы әскери операция аясында шиеленісе түсті. Операцияның басталғанын 4 қазанда Йеменнің Президенттік басшылық кеңесінің төрағасы Ришад әл-Алими жариялаған болатын.

Шабуылдан кейін әуежай жұмысы уақытша тоқтатылып, Flightradar24 мәліметінше, Эр-Риядқа бағытталған барлық рейс тоқтатылған немесе басқа әуежайларға бағытталған. АҚШ, Канада, Германия және Ирландия елшіліктері өз азаматтарына әуежайға бармауға кеңес беруде.

Сонымен қатар, қазан айының соңында Эр-Риядта жүздеген компания басшылары мен инвесторлардың қатысуымен Future Investment Initiative инвестициялық форумы өтуі тиіс. Сенбі күнгі шабуылға дейін ұйымдастырушылар кешенді қауіпсіздік шараларын қарастыратынын мәлімдеген болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны