13.01.2020, 15:54 13766

Ересектерге мүгедектік 5 жылға белгіленетін, организм функцияларының айқын бұзылуымен айқындалатын 19 аурудың тізбесі бекітілді

2020 жылдың шілдесінен бастап санаториялық-курорттық емдеу қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына көшіріледі, бұл мүгедектігі бар адамдарға ұйымды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ерлан Әукенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесулер және мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кеңестер өткізді, олардың барысында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) көрсетудің жаңа тетіктерін егжей - тегжейлі түсіндіріп, мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын енгізудің артықшылықтары туралы айтты.

Вице-министр өңірдегі бағдарламасын Ұлан ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығына барудан бастады, онда АӘК тағайындауға өтініш білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау барысымен, жергілікті атқарушы органдардың табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге дайындығымен танысты. Сонымен қатар ол жергілікті ХҚКО-да болды.

Өскемен қаласына келген соң Ерлан Әукенов мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстың мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің және мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Вице-министр іс-шараға қатысушыларды мүгедектер көтеретін мәселелер және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

"Жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынатын ҮЕҰ-ға көптеген шағымдар келіп түседі, атап айтқанда, олардың қызметінің ашық еместігі, әкімшілік шығындарға қаражаттың 10%-ын ұстап қалады, қызметтерге уақтылы төлемеу, жұмыс істеген уақыт санын дұрыс бағаламау және т.б.", - деді ол.

Әукеновтің айтуынша, мүгедектер белгілеген мәселелерді шешу үшін 2015 жылғы 22 қаңтардағы қолданыстағы бұйрыққа жеке көмекшілердің қызмет көрсетуін реттейтін, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулері бойынша ең көп сағат көлемін айына 176 сағаттан асырмай белгілеу; ҮЕҰ-ны әкімшілік шығындарға 5% - дан асырмай ұстап қалуды болжайтын нормаларды енгізу; қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын және жеке көмекшілерге қойылатын талаптарды анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдардың ескертулерін ескере отырып, бұйрық жобасынан жақын туыстарына жеке көмекшілер қызметін көрсетуге тыйым салатын норма алынып тасталды.

Вице-министр, сондай-ақ 2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылатынын, содан кейін шарт мүгедектігі бар адамның өзі жеке көмекшісімен немесе ҮЕҰ-мен жасалатынын хабарлады. Қызметті порталға ауыстыру Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтаған осы саладағы бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

"Бұдан басқа, көптеген өтініштер медициналық-әлеуметтік сараптамадан (бұдан әрі - МӘС) өтуге және мүгедектікті белгілеуге байланысты. Мүгедектігі бар адамдар қолайсыз оңалту болжамы бар аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты қолайсыздықтарды бірнеше рет атап өтті", - деп атап өтті Әукенов.

Осы мәселені шешу үшін Еңбекмині Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзірледі. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жылға белгіленетін, организм функцияларының айқын бұзылуымен 19 аурудың тізбесі бекітілді. Сонымен бірге, 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз екінші топ мүгедектігі белгіленетін емдеуге келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі кеңейтілді. Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдер тізбесі кеңейтілді.

Әукеновтің айтуынша, мүгедектер санаториялық-курорттық емделуді ұсыну және техникалық оңалту құралдарымен (бұдан әрі - ТОҚ) қамтамасыз ету мәселелерін көтереді.

"Қазір біз қолданыстағы бұйрыққа мүгедектер үшін 14 күннен кем емес санаториялық-курорттық емделу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгіземіз. 2020 жылдың шілдесінен бастап санаториялық-курорттық емдеу қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына көшіріледі, бұл мүгедектігі бар адамдарға ұйымды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, порталды іске қосу ТОҚ ұсыну тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді. 2020 жылғы қаңтардан бастап жеке іріктеуді талап етпейтін ТОҚ 55 түрінің 24-і порталға қалған 31 түрі - 2021 жылдың қаңтарынан бастап ауыстырылатын болады. Бұл мүгедектігі бар адамдарға жеке қажеттіліктерді, сапаны, өнім берушінің беделін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін және т.б. ескере отырып, ТОҚ-ты өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - деді Ерлан Әукенов.

Вице-министр сондай-ақ ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымымен кездесіп, облыс әкімдігінде өңірдің қалалары мен аудандарымен жаңа форматтағы АӘК тағайындау және аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық семинар-кеңес өткізді. Ерлан Әукенов сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу кезінде учаскелік комиссиялардың жұмысын қалай құру керектігін егжей-тегжейлі айтып берді.

10 қаңтарда Ерлан Әукенов Павлодар облысында құжаттарды қабылдау барысымен танысып, өңір тұрғындарына АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны