26.10.2016, 11:01 3674

Ереванда ТМД-ға мүше елдердіӊ сыртқы шекара шебін нығайту мәселесі талқыланды

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердіӊ Шекара әскерлерініӊ Бас қолбасшыларыныӊ (ШИБК) Армения астанасы Ереван қаласында өткен 76 мәжілісінде бірегей қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердіӊ Шекара әскерлерініӊ Бас қолбасшыларыныӊ (ШИБК) Армения астанасы Ереван қаласында өткен 76 мәжілісінде бірегей қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Аталған іс-шараға ТМД елдерініӊ сегіз мемлекетінен делегация келді, ал Қазақстан жағынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Директорыныӊ бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы полковник Ерлан Алдажұманов бастаған делегация қатысты, сондай-ақ Достастық елдерініӊ өзара әрекеттес органдарынан, халықаралық ұйымдардан да өкілдер келді.

Күн тәртібіне 13 мәселе қойылды, олардыӊ барлығы да ТМД мүше-мемлекеттердіӊ сыртқы шекарасыныӊ бүтіндігін одан әрі дамыту және нығайту мәселелеріне арналды.

Біріккен арнайы шекаралық операциялар бойынша өзара бірлесе әрекет ету мәселесі талқыланды. Шекаралық ведомстволар арасындағы ақпараттық ынтымақтастық, сыртқы шекараны күзету бойынша ақпарат алмасу аясындағы шешімдерді жүзеге асыру мәселесі қаралды, ғылыми-зерттеу қызметіне, сондай-ақ Достастық елдерініӊ ведомстволарыныӊ кинолог-мамандарыныӊ арасында жарыс өткізуге қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады.

Халықаралық деӊгейдегі шекаралық ынтымақтастықтыӊ арта түскендігі ерекше аталды. Қазіргі уақытта, ТМД сыртқы шекарасындағы қауіп-қатердіӊ ерекшелігі жаӊа тәсілдер мен қадамдарды талап етуде.

Мәжіліске қатысушылар болашақтағы іс қимылдарына қатысты мәселелерді талқылаумен қатар, 2016 жылғы жұмыстарыныӊ қорытындысын да шығарды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны