08.09.2016, 09:59 2018

Еркін Шаймағамбетов Қазғарыштыӊ төрағасы болып тағайындалды

Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомство.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ведомство.

Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы 1974 жылы 7 маусымда Қазақ КСР Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ Тастүбек поселкесінде дүниеге келген. Үйленген, бір ұл тәрбиелеуде.

1998 жылы "Ғарыштық ұшу аппараттары және екпіндеткіш блок" мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.

1998 жылдыӊ наурызынан бастап Ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасыныӊ Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігініӊ "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасында "Байқоӊыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану шарттарын бақылау бөлімініӊ бас маманы (Байқоӊыр қаласы) болып жұмыс істеді. 1998 жылдыӊ қарашасынан бастап аталған бөлімніӊ бастығы болып тағайындалды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті "Байқоӊыр" ғарыш айлағы басқармасыныӊ бастығы болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасыныӊ орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитеті төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды.

"Ерен еӊбегі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар секілді марапаттары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны