27.01.2022, 16:30 35936

Ерлан Әлімбаев Женевадағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.
Ерлан Әлімбаев Женевадағы БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып тағайындалды
Сурет: ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Әлімбаев Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны