08.02.2017, 20:27 4605

Ерлан Сағадиев Елбасыға министрліктіӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ қорытындысы жөнінде есеп берді

Е.Сағадиев Мемлекет басшысына білім берудіӊ жаӊартылған мазмұндағы форматын енгізуге, бес күндік оқу аптасына көшуге, базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы баяндады.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Білім және ғылым министрлігініӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым жүйесініӊ алдағы реформаларды, Қазақстан Президентініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауын іске асырудағы маӊызды рөлін атап өтті.

- Біз ел ішінде де, шетелдік оқу орындары қабырғасында да кадрлар даярлау ісі бойынша ауқымды жұмыстар жүргіздік. Үш тілде білім беруге, цифрлық оқыту әдісіне көшіп жатырмыз. Білім және ғылым министрлігі алдында бұл саланы одан әрі дамытуға байланысты зор міндеттер тұр. Қажетті адам ресурстарынсыз жолдауда алға қойылған міндеттерді орындау, соныӊ ішінде технологиялық жаӊғыруды жүзеге асыру, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мүмкін емес, - деді Қазақстан Президенті.

Е.Сағадиев Мемлекет басшысына білім берудіӊ жаӊартылған мазмұндағы форматын енгізуге, бес күндік оқу аптасына көшуге, базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы баяндады.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесінде іске асырылып жатқан өзгерістердіӊ нәтижелерін атап өтіп, оларды ақпараттық тұрғыдан қолдау мәселелеріне, сондай-ақ қойылған міндеттердіӊ іске асырылу қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны