28.03.2022, 17:49 10616

Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

Бұл лауазымда Айқын Қоңыровты ауыстырды.
Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды
Сурет: Халық партиясы
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының Төрағасы болып сайланды. Бұл лауазымда Айқын Қоңыровты ауыстырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Халық Партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Халық партиясының XIX кезектен тыс съезінде партия басшылығының құрамы өзгерді. Ермұхамет Ертісбаев ҚХП төрағасы болып сайланды. ҚХП парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды", - деп ҚР Халық партиясының сайтында хабарланды.


Ермұхамет Ертісбаев 1956 жылы 19 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. 

1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, профессор дәрежесіне ие болды.

Еңбек өтілі:

08.1978 - 11.1978 - Жезқазған пединститутының ассистенті; 

06.1980 - 11.1982 - Комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды кооперативтік институтының оқытушысы; 

11.1982 - 07.1986- стажер-оқытушы, Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты; 

07.1986 - 07.1987- Қарағанды кооперативтік институтының оқытушысы; 

07.1987 - 11.1992- Қарағанды медициналық институтының Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі; 

03.1995 - 04.1998- Президенттің кеңесшісі; 

04.1998 - 05.2000- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры;

05.2000 - 02.2002 - Президент Әкімшілігінің Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі; 

02.2002 - 18.01.2006 - Президент кеңесшісі; 

18.01.2006 - 28.03.2006 - Мәдениет, ақпарат және спорт министрі; 

28.03.2006 - 12.05.2008 - Мәдениет және ақпарат министрі; 

12.05.2008 - 03.2013 - Президент кеңесшісі; 

04.2013 - 11.2017 - Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 

11.2017 - 08.2019- Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны