29.02.2024, 15:55 36366

Ертең елімізде әуе рейстері бір сағатқа ерте ұшады

Еліміз ертеңнен бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшетіндігіне байланысты пойыз және ұшақ жолаушыларына хабарландыру жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2024 жылғы ақпанның 29-нан наурыздың 1-не қараған түні сағат 00:00-де еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді.

Осыған орай, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына қарасты Қазақстан темір жолы, "Air Astana", "Qazaq Air" компаниялары жолаушыларды ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Жолаушылар сағатты бірыңғай уақыт белдеуіне сәйкес ауыстыруды ұмытпағаны абзал. Пойыздар билетте көрсетілген уақытқа сай келеді және жөнелтіледі. 1 наурыз сағат 00:01-ден (Астана уақыты бойынша) басталатын әуе рейстері билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат бұрын орындалады", - делінген қор таратқан ақпаратта.


Сондай-ақ, хабарламада әуежайлардың Call-орталықтары арқылы ұшу кестесін нақтылау қажеттігі айтылған (SMS және поштаға хабарламалар жіберіледі).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны