28.07.2014, 20:12 6234

Ертең Астанада ҚР Метрологтар кеңесінің отырысы өтеді

Жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. 29 шілдеде "Astana Solar" ЖШС фотоэлектрикалық модульдер зауытының базасында Қазақстан Республикасы Метрологтар кеңесінің 5-інші отырысы өтеді, - деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады.

Шараның соңында "Astana Solar" ЖШС базасындағы фотоэлектрикалық модуль зауытының тұсаукесері рәсімі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Astana Solar" ЖШС фотоэлектрикалық модуль зауыты жүз пайыздық қазақстандық кремний негізінде күннен қуат алатын батареялапр шығарумен айналысады. Аталмыш зауыт тікелей Елбасыны қатысуымен 2012 жылдың 25 желтоқсанында қосылған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны