13.12.2012, 12:49 3765

Ертең елбасы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялайды

Н. Назарбаев ертең жаңадан салынған опера театрында сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күніне орай құттықтау айтатынын, сондай-ақ сол жерде еліміздің болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін жариялайтындығын жеткізді.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы елбасы бүгін Ақордада Мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде мәлім етті.

Н. Назарбаев ертең жаңадан салынған опера театрында сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күніне орай құттықтау айтатынын, сондай-ақ сол жерде еліміздің болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін жариялайтындығын жеткізді.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының бірқатар тармақтары мерзімінен бұрын орындалды. "Қазір дүниежүзінің барлығы өзінің ғасырдың ортасына дейінгі бағдарламасын жасап жатыр",-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыған орай Президент бұл бағытта елімізде тиісті сараптар жасалғандығын айта келе, "Жастарға 2050 жылы Қазақстан қандай биіктерді алуы тұрғысындағы бағдарламасын жариялаймын. Оны ертең еститін боласыздар. Осыны өте үлкен шаруа деп санаймын. Мінекей, сол бағдарламаны орындауда халқымыз бірігіп жұмыс істеуі керек. Мұның барлығы Қазақстанның болашағы мен жастардың бақытты өмірі үшін",-деп түйді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны