11.03.2013, 12:07 2969

Ертең ҚР Үкіметі отырысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланады

"12 наурызға кәсіпкерлік және бизнес ахуалды жақсарту мәселелерін талқылау мақсатында Үкімет басшысының төрағалығымен отырыс өткізу жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Ертең 12 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен өтетін ҚР Үкіметінің кезекті отырысында еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және бизнес климатты жақсарту мәселелері қарастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы апта сайын өтетін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"12 наурызға кәсіпкерлік және бизнес ахуалды жақсарту мәселелерін талқылау мақсатында Үкімет басшысының төрағалығымен отырыс өткізу жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

"Алдағы апта жалпы алғанда әлеуметтік саясат, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы басты тапсырмаларды одан әрі жүзеге асыру және осы бағыттардағы Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын орындау мақсатында өтеді", - деп атап өтті ОКҚ өкілі.

Ал, бүгін 11 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметов Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді.

Сонымен қатар, сол күні Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді, оның барысында әлеуметтік-экономикалық даму, зейнетақы жүйесін жетілдіру, жаңа ақша-несие саясаты және жаңа Бюджеттік саясат тұжырымдамасы мәселелері талқыланады.

14 наурызда еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов Алматыға іссапары барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, нақты сектор нысандарына барып, бизнес орта өкілдерімен кездеседі және қаланы дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді.

Сонымен қатар, 14 наурызға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстанның өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Батыс Қазақстан облысына іссапары жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны