28.01.2013, 11:39 2836

Ертең ҚР Үкіметінің отырысында мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығару мәселесі қарастырылады

Ертең, 29 қаңтарда Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығарутуралы қаулысының жобасын қарастыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Ертең ҚР Үкіметінің отырысында мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығару мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ертең, 29 қаңтарда Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығарутуралы қаулысының жобасын қарастыру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

"29 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен Үкімет отырысы өтеді, онда ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығарутуралы қаулысының жобасы қарастырылады", - деді А.Ибибуллаев.

Сондай-ақ үкімет отырысында Мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық комиссиясымен өзара әрекеттестігі ережесі де қарастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны