04.02.2013, 12:42 3379

Ертең Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланады

Ертең, 5 ақпанда өтетін Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланады деп жоспарлануда, деп хабарлады бүгін брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Астана. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Ертең Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ертең, 5 ақпанда өтетін Үкімет отырысында балама энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланады деп жоспарлануда, деп хабарлады бүгін брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

"5 ақпанда Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізеді. Онда балама энергия көздерін дамыту мәселесі талқыланады. "Жасыл экономика" аясындағы бағдарламаларды іске асырудың, Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында бұл мәселенің маңызы зор", деді А.Ибибуллаев.

Ол сондай-ақ, 7 ақпанда Үкімет басшысының қатысуымен "СамұрықҚазына" ұлттық әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысы өтетінін, онда 2012 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2013 жылыдң міндеттері қаралатынын мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны