04.03.2013, 11:15 3043

Ертең Үкімет отырысында "Нұр Отан" ХДП-ның сайлау алдындағы платформасының орындалу барысы талқыланады

"5 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен отырыс өткізіледі, онда "Нұр Отан" ХДП-ның сайлау алдындағы "Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық әрекеттер жоспары" платформасының орындалу барысы қарастырылады", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Бейсенбі, 5 наурыз күні, ҚР Үкіметі отырысында "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының сайлау алдындағы платформасының орындалу мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми Өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"5 наурызда Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен отырыс өткізіледі, онда "Нұр Отан" ХДП-ның сайлау алдындағы "Қазақстан. Мақсаттар 2017. Ұлттық әрекеттер жоспары" платформасының орындалу барысы қарастырылады", - деді А.Ибибуллаев.

"Нұр Отан" басқарушы партияның сайлау алдындағы платформасының орындалу барысы туралы бірқатар орталық мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілері және облыс әкімдері баяндайды", - деп атап өтті ОКҚ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны