13.07.2026, 13:25 25746
"Ертіс орманындағы" фототұзақтарына суатқа келген сілеусіндер түсіп қалды
Сурет: Ертіс Орманы
Достарға айту
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватына орналастырылған фототұзақтардың біріне жабайы табиғаттың сирек көріністері тіркелді, деп хабарлайды қорықтың баспасөз қызметі.
"Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында биоалуантүрлілікті мониторингілеу барысында фототұзақтар сілеусіндерді түсіріп алды.
Резерват қызметкерлерінің айтуынша, мұндай сирек кадрлар өңірдің экожүйесі бай биоалуантүрлілікті сақтап отырғанын және сирек кездесетін жануарлардың мекендеуіне қолайлы орта болып қала беретдігінің айғағы.
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мамандары азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарап, оны келер ұрпақ үшін сақтауға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тауларында фототұзаққа қар барысының аналығы үш ересек күшігімен бірге қайтадан түсіп қалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.08.2026, 13:00 1
Балаева сайлау алдындағы науқан кезінде журналистер мен блогерлердің құқықтары туралы еске салды
Ол сондай-ақ аккаунттар жаппай бұғатталып жатыр деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Достарға айту
Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлау алдындағы науқан кезіндегі журналистер мен блогерлердің құқықтары туралы еске салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Оның айтуынша, "Масс-медиа туралы" Заңына сәйкес журналистер кәсіби қызметі барысында фотоға, аудиоға және бейнеге түсіруге, сондай-ақ ақпарат таратуға құқылы.
Бұл ретте журналистер де, блогерлер де адамның келісімінсіз мынадай үш жағдайда түсірілім жүргізе алады:
- егер адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, спорттық-бұқаралық іс-шараларға, бейбіт жиналыстарға немесе өзге де көпшілік іс-шараларға қатысса не сол жерде болса;
- егер таратылатын ақпараттағы адамның бейнесі оның қызметтік және (немесе) қоғамдық қызметіне қатысты болса, сондай-ақ ол өз бейнесін ашық қолжетімді дереккөзде өзі жариялаған жағдайда;
- егер адамның бейнесін пайдалану қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында қажет болса.
Министр бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының, белсенділер мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары жаппай бұғатталып жатқаны туралы ақпаратқа да жеке тоқталды.
"Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі қолданушыларының, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Мемлекет те мұндай әрекеттерге немесе сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес", - деді Балаева.
Оның айтуынша, журналистер мен блогерлердің жұмысына және сөз бостандығына негізсіз шектеу қою авторлардың өзіне ғана емес, мемлекеттік органдарға да зиян келтіреді. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде Мәдениет министрлігі сөз бостандығы құқығының іске асырылуын қолдауға ниетті.
"Мемлекет сөз бостандығын, журналистер мен блогерлердің заңды қызметін қамтамасыз етуге және қорғауға міндетті. Ал сөз бостандығы таратылатын ақпарат үшін жауапкершілікті де талап етеді. Бір адамның құқығы екінші адамның құқығын бұзу есебінен жүзеге аспауға тиіс. Қоғамдағы мәртебе де ешкімге заң талаптарын елемеуге артықшылық бермейді", - деп атап өтті министр.
Балаева сондай-ақ әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардың әкімшіліктерін заңға қайшы контентті дер кезінде анықтап, жою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды. Бұл ретте ол мұндай контентті пікірді заңды түрде білдіруден, кәсіби журналистік қызметтен және қоғамдық пікірталастан нақты ажырату қажет екенін атап өтті.
"Заңға қайшы контентпен күрес сөз бостандығын негізсіз шектеуге себеп болмауға тиіс", - деді министр.
Сөз соңында Балаева БАҚ өкілдері мен блогерлерді тарататын ақпаратына жауапкершілікпен қарауға, дереккөздерді мұқият тексеруге және масс-медиа, онлайн-платформалар мен сайлау туралы заңнама талаптарын сақтауға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, 2026 жылдың 23 тамызында Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлау алдындағы үгіт 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. 22 тамыз елде тыныштық күні болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 10:36 1406
Елімізде қалдықтарды басқаруды цифрландырып, қайта өңдеуді қолдау тетіктері қарастырылуда
Достарға айту
Қазақстанда қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырылуда, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
"Жасыл даму" АҚ жаңа жүйе саланы басқаруды орталықтандыруды, процестерді цифрландыруды, қалдықтар нарығын дамытуды және қайта өңдеуді қолдау тетіктерін енгізуді көздейді.
"Жаңа жүйенің маңызды бағыттарының бірі - саланы цифрландыру. Қоғам қалдықтардың түзілуінен бастап қайта өңделуіне дейінгі барлық кезеңде олардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық платформаны енгізу мәселесін пысықтауда",- деп айтылған хабарламада.
Платформа аясында қалдық түзушілердің цифрлық паспорттарын, қалдықтардың қозғалысын жоспарлау және мониторингтеу құралдарын, сондай-ақ қалдықтарды басқару инфрақұрылымы нысандарының бірыңғай дерекқорын біріктіру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қалдықтар нарығын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Қалдықтармен электрондық сауда жасау құралдарын енгізу және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін бизнесті экономикалық ынталандыру тетіктерін дамыту көзделген.
Министрлік жұмыстың тағы бір бағыты - ауылдық жерлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру екендігін баса айтты. Қажетті инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ қалдықтарды шығаруды жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи тетіктерін қамтитын ҚТҚ-ны басқарудың цифрлық моделін енгізу жоспарланып отыр.
Өнеркәсіптік қалдықтар саласында қайта өңдеуді қолдау құралдарын енгізу, отандық және халықаралық инвестицияларды тарту, сондай-ақ қалдықтар түзілетін жерлерде қайта өңдеу қуаттарын құру көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.08.2026, 09:22 2281
Қазақстанның Еңбек министрлігіне жаңа өкілеттіктер берілді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан үкіметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілеттіктерін кеңейтті. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 10 тамызда қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Еңбек министрлігі туралы ережеге бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, №704 Қаулыға сәйкес, министрлік құрылыс нысандарының жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қолжетімді екенін растайтын болады.
Сондай-ақ, ведомство азаматтық қорғау және жұмылдыру даярлығы саласында қосымша функцияларға ие болды. Еңбек министрлігі азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, ведомствоға қарасты ұйымдардағы төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алуға қатысады, азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын қалыптастырады және ірі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарларын дайындайды.
Бұдан бөлек, министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмылдыру резерві мәселелерімен айналысады. Оның өкілеттіктеріне материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыс беру, оларды сақтау мен жаңартуды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындау жөнінде ұйымдармен шарттар жасасу кіреді.
Тағы бір жаңа өкілеттік - мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық кадр жүйесінде еңбек заңнамасын сақтауына мониторинг жүргізу. Еңбек министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің нормативін де бекітетін болады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Жекелеген ережелер үшін 2026 жылғы 13 тамыздан және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өзге де мерзімдер белгіленген. Кейбір нормалар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Құжаттың толық мәтінімен осы сілтеме бойынша таныса аласыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.08.2026, 12:32 11291
Тоқаев "Қазақстан Барысы - 2026" турнирінің жеңімпазын құттықтады
Сурет: instagram.com/qazaqstan_barysy
Достарға айту
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Қазақстан Барысы - 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Президент сондай-ақ мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды. Оның айтуынша, беделді турнирлер қазақ халқының даңқты дәстүрлерін жаңғыртуға ықпал етіп, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға жігерлендіреді.
Естеріңізге сала кетсек, 15 тамызда Астанада қазақ күресінен "Қазақстан Барысы - 2026" республикалық турнирі өткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.08.2026, 10:50 11071
"Шәмші Қалдаяқов" медалі Қазақстанның мемлекеттік наградалары тізіміне енгізілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Бұл шешім ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген жаңа Конституцияның ережелеріне байланысты қабылданды.
Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Түркістанда көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған "Шәмші әндері" өнер фестивалі өткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 16:29 36601
Энергетика министрлігі Алматы мен Алматы облысынның жарықсыз қалу себебін атады
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрлігі Алматы, Алматы облысы мен еліміздің басқа өңірлерінде электр энергиясының жаппай өшу себебін түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Орталық Азияның энергия жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен энергожүйеде қуаттың кенет артуы болды. Соның салдарынан апатқа қарсы автомат іске қосылып, ҚР-ның кейбір өңірлерінде бірқатар электр энергиясын тұтынушы желіден ажыратылды", - деп түсіндірді ведомство.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір "KEGOC" АҚ жүйелік операторы қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірқатар өңірде жарықпен қамтамасыз ету қалпына келтірілді.
"Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның ұлттық электр желісі операторы KEGOC-тың электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты Алматы мен Алматы облысының бірнеше ауданында жарық өшкен болатын. Салдарынан Алматыда көлік кептелістері пайда болды.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары Бішкек пен Душанбеде де электр энергиясына қатысты проблемалар болғанын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 14:08 37021
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Достарға айту
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салу мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге Астанада заманауи мектеп салуға бағытталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
1200 оқушыға арналған жаңа білім беру нысаны елорданың "Нұра" ауданында бой көтеруде. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
"Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді",- деп айтылған хабарламада.
Жалпы қайтарылған активтер азаматтар үшін практикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қаражат бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлінуде. Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру мақұлданды. Бұл қаражат жаңа білім беру инфрақұрылымын салуға және балалар мен жастардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 13:53 38266
Қазақстанда егін жинау науқаны басталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Биылғы жиым-терім қарсаңында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысы барысында егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталғаны мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
"Еліміздің көп өңірінде егін жинау жұмысы жүргізілуде. Жиын-терім науқаны тамыздың үшінші он күндігінде басталады",- деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.
Биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақыл. Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, өткен жылы осы кезде 1 млн га немесе 6,1% өнім жиналған. Егін жинаудың ертерек басталуы жаздың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдың тез пісуіне байланысты. Бұл ретте дәнді дақылдың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда жоғары: бір жыл бұрынғы 14,8 ц/га-ға қарағанда орта есеппен 16,4 ц/га. 3,2 млн тонна астық жинақталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.08.2026, 09:22Қазақстанның Еңбек министрлігіне жаңа өкілеттіктер берілді 17.08.2026, 09:58 113629 тамызда Ақтау қаласында SHUBAT FEST - 2026 фестивалі өтеді17.08.2026, 10:36 1011Елімізде қалдықтарды басқаруды цифрландырып, қайта өңдеуді қолдау тетіктері қарастырылуда17.08.2026, 11:50 776Археологтер Түркістан облысындағы көне қалашықты зерттеп жатыр17.08.2026, 10:16 361Түркістанда өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар ұсталы
14.08.2026, 18:36 56306Қазақстан Пәкістанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті - Көшербаев14.08.2026, 20:54 44291Қазақстан мен Сербия сауда-экономикалық салада қазақ-серб әріптестігін одан әрі нығайтуға мүдделі13.08.2026, 18:33 43356Тоқаевқа Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы баяндалды15.08.2026, 10:22 43151Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады15.08.2026, 10:38 42951Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуге ниетті - Көшербаев
24.07.2026, 17:33 105961АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99671Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98241Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда23.07.2026, 16:25 93576Мәскеуде Яссауи іліміне қатысы бар XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды23.07.2026, 14:36 92106Сарапшы: Алматының бас жоспарына қатысты дау - қаланың жаңа даму моделіне төтеп беру қабілетіне қатысты мәселе

