03.09.2012, 09:26 3028

Ертісбаев үкімет жұмысы босаңсып кетті деген пікірде

"Менің ойымша, Үкімет жұмысының бұрынғыдай шапшаң емес, баяу қимылдауы Мәсімовті отставкаға жіберу керек деген қауесетке әкеп отырған сыңайлы. Алайда, бұл Мемлекет басшысы мен "Нұр Отан" ХДП-ның фракциясының шешімімен жүзеге асатын мәселе",- деп мәлім етті Е.Ертісбаев.

Алматы. 3-қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев үкімет жұмысы босаңсып кетті деген пікірде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өз басым Кәрім Мәсімовті қатты құрметтеймін. Алты жылдан бері Үкіметтің жұмысын жалғыз өзі атқарып келеді. Оның үстіне таң атқаннан кеш батқанға дейін тыным таппайтын еңбекқор жан. Ол мемлекет үшін біраз іс тындырды. Соған қарамастан, әлі атқаратын жұмыстары шаш етектен. Менің ойымша, Үкімет жұмысының бұрынғыдай шапшаң емес, баяу қимылдауы Мәсімовті отставкаға жіберу керек деген қауесетке әкеп отырған сыңайлы. Алайда, бұл Мемлекет басшысы мен "Нұр Отан" ХДП-ның фракциясының шешімімен жүзеге асатын мәселе",- деп мәлім етті Е.Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны