13.12.2013, 21:48 6171

Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Өкімімен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне, Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

М. Ілиясов ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті Икімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі мен Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды;

Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны