16.01.2014, 00:05 2556

Есеп комитетінің төрағасы ауысты

ҚР Президентінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы №730 жарлығымен Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы ауысты, деп хабарлайды Kazakhstan today.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

ҚР Президентінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы №730 жарлығымен Қозыкөрпеш Есімұлы Жаңбыршин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің жарлығымен Ерлан Иділханұлы Ибілдаев Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны