14.01.2020, 19:02 32168

Есірткі сататын интернет сайттардың жарнамасы бар граффити-суреттерді салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылды

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттардың сілтемелерін таратумен байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Есірткі сататын интернет сайттардың жарнамасы бар граффити-суреттерді салғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттардың сілтемелерін таратумен байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Қылмыстық Кодекске есірткіні насихаттау немесе жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік белгілейтін жаңа 299-1-бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Егер осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орындарда, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпарат ресурстарын пайдаланып, қызметік жағдайын пайдаланып жасалса 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

Бұдан басқа қабылданған заңмен бірқатар қылмыстық баптарға "электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы" деген жаңа саралау белгісі енгізілді.

"Бұл шаралар есірткіні таратудың жаңа әдістері үшін жазаның болмай қоймайтындығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл дегеніміз Интернет технологияларды - сайттарды және электронды әлеуметтік желілерді Инстаграмм, Телеграмм, Фейсбук, сондай-ақ электронды төлем жүйелерін (Киви кошелек, Яндекс деньги және т.б.) пайдалану"- деп түсіндірді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Нұртай Әбілмәжінов.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған. Электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізу 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Электронды ресурстар арқылы есірткі қолдануға көндіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі. Олардың көмегімен есірткі өндірісінде пайдаланылатын заттардың айналымы үшін 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Есірткі өндірісінде пайдаланылатын заттардың айналымымен байланысты бұрыннан бар қылмыстар үшін де жаза күшейтілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны