03.07.2007, 17:30 2779

Есірткі саудасымен күрес комитетінің басшылығы есірткі тасымалдау арналарын жабу жайын Германиялық әріптестерімен бірлесе талқылады

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов Германияның криминалдық полициясы Федералдық мекемесінің Орталық Азиядағы өкілі Герхард Нойрормен кездесіп, есірткі тасымалдау арналарын жабу жайын талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінен хабарлады.

"Біз іс жүзінде апиын мен героиннің заңсыз өндірісінің әлемдік нарығымен шектесіп жатырмыз және ауған есірткісін Еуропа нарығына жеткізуге аса қолайлы дәлізге саналамыз", - деді М. Нүкенов.

Комитет төрағасы елімізге Ресей мен Еуропадан синтетикалық есірткі тасымалдау көлемінің де арта түскенін атап өтті. Комитеттегілерлің хабарлауынша, осыған байланысты тараптар республикаға Шығыс және Орталық Еуропадан есірткі тасымалдау арналарын жою бағытында күш біріктіру қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны