21.06.2006, 16:34 3240

Есірткі саудасымен және нашақорлықпен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық орталығы жуырда жұмысқа кіріседі - ҚР ІІМ-нің орынбасары

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Есірткі саудасымен және нашақорлықпен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы жуырда Алматыда жұмысқа кіріседі. Бұл туралы бүгін “Нашақорлыққа қарсы жабыла күресейік” атты медиафорум барысында ҚР ІІМ-нің орынбасары, есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы Анатолий Выборов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтарға қатысты мемлекетаралық шұғыл ақпараттармен алмасу, есірткілік заттардың трафигіне тосқауыл қоюға бағытталған бірлескен операцияларды жүзеге асыру үшін есірткі саудасымен және нашақорлықпен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы шшеім шығарылғаны белгілі”,- деді вице-министр. Бұл ұйымға Изербайжан, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан сынды 6 елдің ішкі істер органдарының шұғыл қызметінің өкілдері қамтылған.

“Осынау оперативтік қызметкерлер аталмыш орталықта біртұтас басшылық аясында жұмыс істеп, сауданың бақылау аясында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, өз құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып есірткі тасымалының жолын кесу жұмыстарын ұйымдастырады”,- деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, осыдан екі апта бұрын Тәжікстанда Ауғанстан шекарасы арқылы есірткі тасымалдану мәселесі бойынша өткен халықаралық бас қосуда БҰҰ-ның есірткіні бақылау басқармасының мамандары қазір Ауғанстанда 420 тонна героиннің өндіріліп тасымалдауға дайын тұрғанын ресми түрде хабарлады. “Бұл осыншама есіркінің тек Қазақстан немесе осы өңір елдерінің аумағы арқылы ғана өтетінін бідірмейді. Бірақ, БҰҰ-ның мәліметі бойынша өндірілген барлық есірткінің 19 проценті Ауғанстаннан солтүстік бағыт деген атауға ие болған жолмен өтеді. Бұл аяға Қазақстан да қамтылады”,- деді А.Выборов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны