19.05.2009, 12:43 1395

Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығын дамытуға 410 млн теңге қарастырылған - ҚР ІІМ

Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығын дамытуға 410 млн теңге қарастырылған - ҚР ІІМ

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын дамытуға 410 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бағдарламаның жобасына заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын дамыту шаралары қамтылған, бұл мақсатқа 410 млн теңге қарастырылған", - деді С. Баймағанбетов.

"Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын Қазақстанда орналастыру жөніндегі бастаманы мемлекет басшысы көтерген. Орталық есірткіге қарсы арнаулы шараларды жүзеге асыруда Орталық Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру, шұғыл ақпаратты жинау және талдаумен шұғылданатын халықаралық орталыққа айналады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны