11.08.2011, 10:30 3472

Естаев Алматы прокуроры лауазымынан босатылды

"Қала прокурорының уақытша міндетін атқарушы болып оның орынбасары Тимур Сүлейменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Астана. 11-тамыз. Kazakhstan Today - Естаев Алматы прокуроры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің КазТАГ-ка сілтеме жасау отырып хабарлауынша, Имірхан Естаев Алматы Прокуроры қызметінен босатылған. ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында атап өтілгендей, ол "берген өтінішіне сәйкес" қызметінен босатылды.

"Қала прокурорының уақытша міндетін атқарушы болып оның орынбасары Тимур Сүлейменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

51-жастағы Естаев Ақмола облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (ЭҚСКД, қаржы полициясы) бастығы, Атырау облысы ЭҚСКД бастығы, Алматы ЭҚСКД бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың 6 мамырынан Алматы прокуроры болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны