15.05.2014, 23:21 2979

Еуразиялық бастама қатысушы-елдердің тәуелсіздігін ескереді - Б. Қасымбеков

Қазіргі заманғы еуразиялық бастама қатысушы-елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік комитеттің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлімдеді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Қазіргі заманғы еуразиялық бастама қатысушы-елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіптік комитеттің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков мәлімдеді.

"Қазіргі заманғы еуразиялық бастама ең бірінші кезекте қатысушы-елдердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігін ескереді. Бұл интеграциялық үрдіске қатысушы-мемлекеттердің негізі болып табылады. 1999 жылдың ақпан айында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан КО мен БЭК туралы келісім орнатты. Олар интеграцияның үш деңгейін белгіледі: Еуразиялық Экономикалық қауымдастығы және еркін сауда аймағы, Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік", - деді Б. Қасымбеков.

Сонымен қатар ол, интеграция экономикалық субъектілердің бірігуі мен тереңдеуі, өзара қатынасы және олардың арасында байланыстардың нығаюы екенін еске салды.

"Интеграцияның негізгі артықшылықтары - ұлттық егемендіктің нығаюы, тауарлардың, капиталдың, қызметтің, жұмыс күшінің еркін айналымы, ішкі нарықтардың кеңеюі, жаңа технологиялар мен құралдардың таратылуы, экономикалық белсенділіктің артуы, аймақтық қауіпсіздіктің нығаюы мен инвестициялар ағымдарын ынталандыру болып табылады", - деп вице-министр толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны