04.10.2011, 16:05 3727

Еуроодақ Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға үмітті

"Еуроодақ жақын арада Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға үмітті",- деп атап көрсетті Комиссар.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Еуроодақ Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға үмітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуроодақтың төрағасы Қазақстан мен ЕО елдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастығын нығайту туралы пікірін білдірді, деп хабарланған ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"Еуроодақ жақын арада Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасауға үмітті",- деп атап көрсетті Комиссар.

"Серіктестікті және ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісім бойынша келесі аптада өтетін келіссөздердің барысында келісім-шарттың аясындағы біздің энергетикалық ынтымақтастығымызды кеңейтудің мүмкіндігі бар", - деді Г.Оттингер.

Оның пікірінше, Еуроодақ пен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығы берік фундаментке негізделген, "бірақ біз бұдан да көп іс атқара аламыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны